Ақтөбе облысында түйеге соғылған көліктегі 2 адам қайтыс болды

0
353

Бұл дерек Бейнеу ауданы Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді.


Ақтөбе облысында түйеге соғылған көліктегі 2 адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында "Lada Xray" автокөлігі түйеге соғылып, 2 адам көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz.

Қайғылы жағдай "Бейнеу – Шетпе" республикалық маңызы бар тасжолдың 93-шақырымында орын алған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, "Lada Xray" автокөлігі жол бойында екі түйеге соғылған. Жол апатынан 2 адам оқиға орнында көз жұмды.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.