Ақтөбе облысында жантүршігерлік апаттан екі адам көз жұмды

0
434

Жеңіл автокөліктің жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.


Ақтөбе облысында жантүршігерлік апаттан екі адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында жеңіл автокөлік пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза болды, деп жазады sputniknews.kz.

Қайғылы оқиға 25 мамыр таңғы сағат 06:00-де болды. Хромтау ауданы Бөгетсай кентінің маңында "Самара-Шымкент" автожолының 909 шақырымында екі көлік соқтығысқан.

"Nissan Primera автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі, алдын ала болжам бойынша, қарсы бетке шығып кетіп, Қырғызстан азаматы басқарған Mercedes-Benz жүк көлігімен соқтығысқан", - делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының полициясы жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.