Ақтөбе облысында жасөспірімдер төбелесті: бір бала пышақ жарақатын алған

0
646

Қандыағаш қаласының 16 жастағы тұрғыны күдікті ретінде ұсталды.


Ақтөбе облысында жасөспірімдер төбелесті: бір бала пышақ жарақатын алған

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында жасөспірімдер арасында жанжал шығып, олардың біреуі пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Хабар24.

1 тамыз күні сағат 23:10-да Мұғалжар аудандық орталық ауруханасына Қандыағаш қаласының 16 жастағы тұрғыны пышақ жарақатымен түсті. Қазіргі уақытта жәбірленушінің жағдайы тұрақты.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қандыағаш қаласының 16 жастағы тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Қылмыстың себептері анықталуда.

Осыған байланысты Полиция департаменті ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды, әсіресе кешкі және түнгі уақытта бақылауда ұстауды ескертеді.


– Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу отбасының, сондай-ақ мектептің бастапқы міндеті болып табылады. Әдетте, ерте жастан балалар қылмыстық әрекетке барып жатады, сондықтан қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу жастармен байланыста болатын ата-аналар, мұғалімдер және полиция қызметкерлерінің міндеті, – деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев.