Ақтөбе облысында жер үйде газ қазандығы жарылды

0
575

Екі адам ауруханаға түсті.


Ақтөбе облысында жер үйде газ қазандығы жарылды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылында жер үйде газ құрылғысы жарылды, деп жазады exk.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға түнгі сағат 2:37-де Шұбарши ауылында 8-наурыз көшесінде болған. Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетті.

Газ қазандығы жарылған, бірақ өрт шықпаған. Жылыту қазандығы істен шығып, содан газ жиналып жарылған. Жарылыстың салдарынан қабырға мен шатыр құлады. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы қалыпты.

Департамент өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау керектігін ескертеді. Қандай да бір оқыс оқиға болса дереу "101" ,"112" нөмірлеріне қоңырау шалу керек.