Ақтөбе облысында жерасты газ цистернасы жарылып, алапат өрт болды

0
218

Оқиға орнына ТЖД-дан қосымша күш аттанды.


Ақтөбе облысында жерасты газ цистернасы жарылып, алапат өрт болды

ERNUR.KZ. 11 сәуірде Ақтөбе облысында газ құю бекеті маңындағы жерасты цистернасы жарылды, деп жазады zakon.kz.

"Диапазон" басылымының мәліметінше, газ құю бекеті Ойыл ауылының шетінде орналасқан.

"11 сәуірде сағат 20:20 шамасында газ құю станциясынан 50 метр қашықтықта орналасқан жерасты газ цистернасы жарылды. Осыдан кейін "Зайнуллина" ЖК-ға тиесілі станция отқа оранды. Өрт жақын маңдағы құрылыс нысанына да ұласып, от тез тарады", делінген хабарламада.

Ақтөбе облысының әкімдігі оқиға орнында Ойыл ауданының ТЖД және полиция бөлімі қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын нақтылады. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына ТЖД-дан қосымша күш аттанды.