Ақтөбе тұрғыны арзан бағада кірпіш сатып аламын деп 4 млн теңгесінен айырылды

0
638

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.


Ақтөбе тұрғыны арзан бағада кірпіш сатып аламын деп 4 млн теңгесінен айырылды

ERNUR.KZ. Ақтөбе тұрғыны тиімді бағада кірпіш сатып аламын деп 4 млн теңгесінен айырылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ақтөбе қаласы полиция бөлімінің кезекші бөліміне алаяқтық туралы 33 жастағы жергілікті тұрғын арызданды.

Ол интернеттен кірпішті өте тиімді бағамен сату туралы хабарландыру тапқанын айтқан. Сатушымен телефон арқылы сөйлескеннен кейін сатып алушы аталған мекенжайға келіп, мәміленің барлық мән-жайын талқылап, алдын ала 4 млн теңге сомасында қолма-қол ақша төлеген.

Сатушы оған жәбірленушіге тауарды жақын арада жеткізуге уәде берген, бірақ төлегеннен кейін ол қоңырауларға жауап беруді тоқтатқан және уәдесін орындамаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 40 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Ұсталған адам кінәсін мойындады. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.