Ақтөбеде 8 адамның өліміне себепкер болған зейнеткердің соты болады

0
1 109

Қайғылы оқиға былтыр 22 қарашада Ақтөбе - Астрахань тас жолында болған.


Ақтөбеде 8 адамның өліміне себепкер болған зейнеткердің соты болады

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатына себеп болған зейнеткерге қатысты тергеу аяқталды, деп жазады sputnik.kz.

Тергеу Қылмыстық кодекстің "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу" бабы бойынша жүргізілді.
Қайғылы оқиға былтыр 22 қарашада Ақтөбе - Астрахань тас жолында болған.
ВАЗ-2114 жүргізушісі 43 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Lada Largus-пен соқтығысқан. Салдарынан LADA қарсы бағытта келе жатқан Kia Sorrento-ға соғылады.
Жол апаты салдарынан Lada жүргізушісі мен алты жолаушы сол жерде қаза тапты, Kia көлігіндегі төрт адам әртүрлі дене жарақатын алды. Ауыр жараланған 63 жастағы ер адам ауруханада қайтыс болды. Ол экология департаментінде жүргізуші болып жұмыс істеген. 22 қарашада таңертең үш қызметкермен Темір ауданына іссапарға шыққан.
Бірінші көлікте қаза тапқандар Темір ауданы Сарыкөл және Кеңқияқ ауылдарының такси жүргізушісі және жолаушылары. Қайтыс болғандардың арасында ерлі-зайыпты бар. Олардың артында үш баласы қалды, олардың біреуі мүгедек.
"Lada Largus-қа жол бермеген жүргізуші негізгі жолда келе жатқан көлікті байқамаған. Ол зейнеткер, бұл жастағы адамның реакциясы жылдам болмайды. Жасы үлкен адамдар рөлге отырмағаны жөн", - дейді Ақтөбе облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы Еркін Өтеген.
23 ақпанда Мұғалжар ауданында осы іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді.