Ақтөбеде ақыл-есі кем балаларды ұрып-соққан: бас прокурор тапсырма берді

0
701

​Бас прокурор барлық мекемені тексеруді тапсырып, тергеу барысын бақылауға алды.


Ақтөбеде ақыл-есі кем балаларды ұрып-соққан: бас прокурор тапсырма берді

ERNUR.KZ. Бас прокурор Берік Асылов Ақтөбедегі әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жәбірленгені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады sputnik.kz.

"Ерекше балаларға зорлық-зомбылық көрсету адамгершілікке жатпайды. Ақтөбедегі әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің балаларды жәбірлеу фактісі бойынша барынша қатаң шаралар қолданылады. Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі (Жәбірлеу) бойынша тергеу басталды. Тергеу барысы бақылауға алынды", - деп жазды бас прокурор әлеуметтік желіде.

Ол осыған ұқсас мекемелерді тексеруді тапсырғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, ақыл-есі кем балаларға арналған орталық қызметкері тәрбиеленушілерді аяусыз соққыға жықты деген күдікке ілінді. Мекемеде ақыл-ой кемтарлығы бар, церебральды сал ауруына, Даун синдромына және олигофрения ауруына шалдыққан балалар тұрады.
Прокурорлар камераның жазбаларын қарап, қызметкердің балаларды бірнеше рет ұрып-соққанын анықтады.