Ақтөбеде анасы бес айлық сәбиді далаға қалдырып кеткен

0
668

Ювеналды полиция инспекторлары дереу жедел жәрдем шақырып, баланың денсаулығын тексеріп, педиатрдың қабылдауын алып, сәбиді “Үміт” балалар үйіне орналастырды.


Ақтөбеде анасы бес айлық сәбиді далаға қалдырып кеткен

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, бүгін түнгі бірлер шамасында Ақтөбе қаласын №3 полиция бөлімінің кезекші бөліміне бір азамат бес айлық баланы алып келген, деп жазады inbusiness.kz.

“Бала 8 наурыз көшесіндегі көп қабатты үйлердің қасындағы орындықта жылап отырды. Мен оның анасының мас күйінде белгісіз бағытта кетіп бара жатқанын көрдім, алайда баланы сол орындыққа қалдырып кеткен",- дейді алып келген әйел.

Бір сағаттай уақыт өткен соң полицияға баланың анасы қоңырау шалып, баласының жоғалғанын айтқан.

Полицейлер анасын тауып, алкогольдік ішімдік ішкенін тексеріп, тұрмысы нашар отбасы ретінде есепке алған. Баланың әкесі туралы мәлімет жоқ.

Алдағы уақытта инспекторлар әйелдің тәртібін қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қарауға құжаттар жанақтап жібермек. Комиссияның шешімі бойынша азаматша баласын сәбилер үйінен ала алады.