Ақтөбеде аула сыпырушылар төбелесіп, біреуі көз жұмды

0
1 619

Екі аула сыпырушы сөзге келіп, бірі екіншісінің кеуде тұсына екі рет пышақ сұғып алған.


Ақтөбеде аула сыпырушылар төбелесіп, біреуі көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласында аула сыпырушылар төбелесіп, бірі екіншісіне пышақ тығып өлтірген. Оның денесі жұмыс орнынан табылды, деп жазады holanews.kz.

Оқиға 28 тамыз күні сағат 14:58-де тіркелген. 102 нөміріне автотұрақ маңында пышақ жарақатын алып, көз жұмған тазалықшының денесі табылғаны хабарланды.
«Оқиға орнына полиция қызметі барып, мән-жайды анықтады. Жұмыс кезінде екі аула сыпырушы сөзге келіп, төбелесіп, бірі екіншісінің кеуде тұсына екі рет пышақ сұғып алған. Жүрек тұсынан пышақ жарақатын алған адам оқиға орнында көз жұмды. Әріптесін өлтірген күдікті кінәсін сол жерде мойындады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Аталған жайтқа байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды.