Ақтөбеде әйел адам полиция ғимаратында тергеушіні ұрып-соқты

0
826

Іс материалдары бойынша, нәзік жанды тергеушіге тап беріп, жұдырық жұмсап, тепкілей бастаған.


Ақтөбеде әйел адам полиция ғимаратында тергеушіні ұрып-соқты

ERNUR.KZ. Ақтөбеде әйел адамның полиция ғимаратында тергеушіні ұрып-соққан сәті видеоға түсіп қалған, деп жазады tengrinews.kz.

Әйел осы ісі үшін сот алдында жауап беретін болады. 29 жастағы актөбелік Эльмир С. Астана аудандық полиция бөліміне телефоны ұрланғанына байланысты арыз жазуға келген.

Сол жерде әйел мен тергеуші арасында жанжал шыққан. Іс материалдары бойынша, нәзік жанды тергеушіге тап беріп, жұдырық жұмсап, тепкілей бастаған.

Осы дерек бойынша әйелге ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" бойынша айып тағылған. Сотқа дейін ол қамауда болады.