Ақтөбеде газ баллоны жарылып, екі адам ауруханаға түсті

0
925

Оқиға кеше сағат 11:42-де Ақтөбе қаласының Тілеу батыр көшесінде тіркелген.


Ақтөбеде газ баллоны жарылып, екі адам ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласында гаражда тұрған газ баллоны жарылып, екі адам дене күйігімен ауруханаға түсті, деп жазады almaty.tv.

«Газ баллоны жарылып, 10 шаршы метр аумақ отқа оранды. Өрт сағат 11:58-де толық сөндірілді. Нәтижесінде 80 жастан асқан гараж иесі мен оның 25 жастағы көршісі зардап шекті. Екеуі де ауруханада ем қабылдап жатыр», - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, өрт сөндіруге 18 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылды.