Ақтөбеде қорапқа салынған сәбидің денесі табылды

0
472

"Жаңа туған нәрестені анасының өлтіруі" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Ақтөбеде қорапқа салынған сәбидің денесі табылды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған сәбидің денесі табылды, деп жазады zakon.kz.

Жан түршігерлік жаңалық 19 желтоқсан күні кешке қарай анықталды.

Аталған факті бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы «Жаңа туған нәрестені анасының өлтіруі» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды".Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, ананың кім екенін анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп жатқаны айтылады.