Ақтөбеде күнбағыс майын делдалсыз сатудан бас тартқан компанияның жұмысы тексеріліп жатыр

0
2 673

Күнбағыс майының көтерме сауда нарығындағы бағасы тексерілді.


Ақтөбеде күнбағыс майын делдалсыз сатудан бас тартқан компанияның жұмысы тексеріліп жатыр

ERNUR.KZ. Ақтөбеде күнбағыс майын шығаратын компания өнімін зауыттан дүкенге жеткізуден бас тартты. Қазір Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департаменті тексеру жүргізіп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

«Күнбағыс майының көтерме сауда нарығындағы бағасы тексерілді. Компанияның қаланың ірі сауда желілеріне тікелей өткізуден бас тартқаны анықталды. Өнім делдал арқылы сатылып, баға көтерілгені белгілі. Бұл бәсекелестікті қорғау туралы заңнамаға қайшы келетін іс. Қазіргі кезде компанияға бұл ісінің бұрыс екені туралы хабарлама жіберілді. Хабарламаны алған өндіруші талапты толық орындамады», - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департаменті бөлімінің бас маманы Гүлсара Қалиева.

Кейін облыстық табиғи монополияға қарсы департамент тергеуді бастады. Тергеу кезінде дерек анықталса, шара қолданылады.