Ақтөбеде Лада Ларгуспен мас күйі жүрген әйел ұсталды

0
719

Әйел Ақтөбе қаласы ПБ уақытща ұстау изоляторына қамалды.


Ақтөбеде Лада Ларгуспен мас күйі жүрген әйел ұсталды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде әйел жүргізуші ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп жазады zakon.kz.

Жүргізілген профилактикалық алдын алу іс-шараларына қарамастан, бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдардың мас күйінде автокөлік басқару деректері тіркелуде.

28 қараша күні 312-атқыштар дивизиясы жағы бойында орналасқан "Шалқар" дүкенінің жанында патрульдік полиция қызметкерлері 46 жастағы әйелдің басқаруындағы "Лада Ларгус" автокөлігін тоқтатты.

Анықталғандай, жүргізуші көлікті "жеңіл" дәрежеде мас күйінде басқарған.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (КҚ басқару құқығынан айырылған адамның КҚ басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Әйел Ақтөбе қаласы ПБ уақытща ұстау изоляторына қамалды.

Осыған байланысты Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде транспорт құралдарын басқармауды сұрайды және ескертеді, Сіздің ойластырылмаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.