Ақтөбеде лагерь тәлімгері азғындыққа барды деп айыпталып отыр

0
1 650

Тәлімгердің үстінен жеті бірдей баланың ата-анасы полицияға арызданған.


Ақтөбеде лагерь тәлімгері азғындыққа барды деп айыпталып отыр

ERNUR.KZ. "Ақбөбек-Восток" балалар лагерінің тәлімгерлерінің бірі кәмелеттік жасқа толмағандарды азғындады деп айыпталды, деп жазады "Астана" телеарнасы.

Тәлімгердің үстінен жеті бірдей баланың ата-анасы полицияға арызданыпты. Қазір арнайы комиссия лагердегі мән-жай анықтап жатыр.

"Кәмелетке толмағандарды азғындыққа итермелеу болды ма, болмады ма анықталып жатыр. Алматы ауданы полициясы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тексеру барысында барлық жағдай анықталады. Бұл істі прокуратура қатаң бақылауға алады", - деді Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

Ер балалар тобына жетекшілік еткен 22 жастағы тәлімгер жігіт жұмыстан босатылған. Ол Астанадағы жоғарғы оқу орнының бірінің студенті екен. Үйінен ешқайда кетпеу туралы қолхат беріпті.

Ақтөбе облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Райхан Нұрғожаеваның айтуынша, лагерьдегі 10-12 жастағы балаларды тәлімгер би кешіне жібермеген. Ал жеткіншектер "бізді ұрды" деп шағымданыпты. Азғындық туралы ешқандай мәлімет түскен жоқ, дейді бөлім басшысы.