Ақтөбеде өтіп бара жатқан адамға оқ атқан бұзақы ұсталды

0
385

​Оқиға түнгі сағат екілер шамасында Хромтауда болған.


Ақтөбеде өтіп бара жатқан адамға оқ атқан бұзақы ұсталды

ERNUR.KZ. Күдіктіні ұстау үшін дереу оқиға орнына полиция жасағы барды. Полиция капитаны Мақсат Дастан мен полиция аға лейтенанты Жылқайдар Жұлдызбек 50 жастағы азаматты ұстады, деп жазады inbusiness.kz.

Бейтаныс адамға қару кезенген Хромтау қаласының тұрғыны болып шықты. Ішімдік ішіп алған ер адам әйелімен жанжалдасып, көпқабатты үйдің ауласына шығып, кездейсоқ өтіп бара жатқан адамға оқ атқан.

Жәбірленуші иығынан жарақат алды. Қазір күдіктіге қатыысты бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.