Ақтөбеде сәбиін тастап кеткен әйел табылды

0
593

Жедел –іздестіру іс –шаралары барысында 29 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.


Ақтөбеде сәбиін тастап кеткен әйел табылды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде сәбиін тастап кеткен әйел табылды, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін хабарланғандай, 19 желтоқсанда сағат 22.05-те полицияға Ғ. Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қораптан баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.
Жедел –іздестіру іс –шаралары барысында 29 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Жауап алу барысында оның екі кәмелетке толмаған баласы бар екені анықталды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.