Ақтөбеде шетелдіктер кәсіпкердің үйінен 60 млн теңге ұрлаған

0
785

Күдіктілердің бірі қылмыс жасағаннан кейін таксимен Түркістан облысына кетіп, шекараны кесіп өтпек болған.


Ақтөбеде шетелдіктер кәсіпкердің үйінен 60 млн теңге ұрлаған

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласында кәсіпкердің үйін тонаған екі шетелдік ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 15 шілдеде болған. Белгісіз біреулер пәтер есігін кілтпен ашып, ішке заңсыз кірген. Сөйтіп сейфте тұрған ақшаны ұрлаған. Салдарынан 46 жастағы кәсіпкерге 60 миллион теңге мөлшерінде материалдық шығын келді.
Полиция қызметкерлері 38 жастағы шетелдікті "ізін суытпай" ұстады. Оның жалдамалы пәтерінен ұрланған ақшаның бір бөлігі табылды.
Ал оның сыбайласы таксимен Түркістан облысына қашып үлгерген. 34 жастағы шетел азаматы оңтүстікте шекараны кесіп өтуді көздеген. Алайда Сарыағаш ауданының полицейлері күдіктіні қолға түсірді. Одан да ірі көлемде ақша тәркіленді.
Күдіктілер жасаған қылмысын мойындады. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.