Ақтөбеде төрт жыл бұрын ауыр қылмыс жасаған ер адам ұсталды

0
812

​Қарғалы ауданының 32 жастағы тұрғыны бұған дейін ұрлық үшін сотты болған, ер адам кінәсін мойындады.


Ақтөбеде төрт жыл бұрын ауыр қылмыс жасаған ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде төрт жыл бұрын қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

Қылмыс 2017 жылы желтоқсанда жасалды. Шолақ мылтықпен қаруланған ер адам түнде азық-түлік дүкеніне баса-көктеп кіріп, оқ атып, кассадан 165 мың теңгені алып кеткен.

Қарақшылық шабуыл жасаған күдікті төрт жыл бойы табылмады.

Осы жылдың сәуірінде Ақтөбе облысының полицейлері бұрын жасалған ауыр қылмыстарды ашу бойынша жүргізілген жедел шаралар барысында күдіктіні анықтады.

Ол Қарғалы ауданының 32 жастағы тұрғыны, бұрын ұрлық үшін сотталған. Ұсталған ер адам шабуылды қалай жасағанын айтып, кінәсін мойындады.

Күдікті Қылмыстық-процессуалды кодекстің 128-бабы тәртібінде ұсталып, Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.