Ақтөбеде ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды (видео)

0
625

Қылмыстық топ мемлекетке 3,5 миллиард теңге залал келтірген.


Ақтөбеде ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды (видео)

ERNUR.KZ. Ақтөбеде бұрыннан бері жалған шот-фактура жасаумен айналысып келген қылмыстық топтың көзі жойылды, деп жазады zakon.kz.

Достары мен туыстарына тіркелген 15 кәсіпорынды жауып, қайта ашып, соңғысының біріне өзге фирмаларға тауар мен қызмет тасылдаған деп жалған шот жасаған қала тұрғыны анықталды, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитеті.

Заңсыз іс-әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке төленбеген салықтар мен бюджет төлемдерінің көлемі 3,5 миллиард теңгеден асқан, яғни мемлекетке осындай ірі сомада залал келтірілді.

Қылмыстық іс бойынша тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 216-бабы 3-бөлігіне сәйкес (жалған шот-фактуралар жасау) жүргізіліп, қазіргі уақытта соттың қарауына жіберілді.