Ақтөбеде заң институтына «бомба» қойған адам 1,3 млн рубль сұраған

0
2 349

Күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шара жалғасуда.


Ақтөбеде заң институтына «бомба» қойған адам 1,3 млн рубль сұраған

ERNUR.KZ. М.Бөкенбаев атындағы ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының электронды поштасына ғимарат ішінде жарылғыш зат бар екені туралы хабарлама түсті. Полиция тексеру жүргізді, деп жазады ҚазАқпарат.


«Институттың электронды поштасына жарылғыш заттардың қойылғаны және РФ банктерінің бірінің картасына 1,3 млн рубль аудару талабы туралы хабарлама түсті. Барлық шұғыл қызметтер дереу оқиға орнына жетті. Курсанттар мен оқытушыларды, жұмысшыларды эвакуациялау ұйымдастырылды. Барлығы 474 адам эвакуацияланды. Арнайы бөлімше саперлері жарылыс құрылғыларын анықтау үшін ғимаратқа тексеру жүргізді. Жарылғыш құрылғы табылған жоқ», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Қазір ҚР ҚК «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазіргі кезде облыстық полиция департаменті күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шараны жалғастырып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе қаласындағы №51 мектеп-гимназиясына екі рет осыған ұқсас хабарлама түскен болатын. Күдікті әлі анықталмады.