Ақтөбеде жол апатынан ерлі-зайыптылар қаза тапты

0
396

Жол-көлік оқиғасы кезінде жарақат алған келіншек оқиға орнында, ал оның жолдасы ауруханада көз жұмды.


Ақтөбеде жол апатынан ерлі-зайыптылар қаза тапты

ERNUR.KZ. Ақтөбеде 19 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде отбасылық жұпты қағып кетті, деп жазады Polisia.kz.

25 сәуір күні сағат 21:10-да Арынов көшесінде жол-көлік оқиғасы болды.

Hyundai Solaris маркалы автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Арынов көшесі бойымен ҚР ЖҚЕ бұзып өтіп, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншілерге жол бермей, отбасылық жұпты қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы кезінде алған жарақаттарынан 27 жастағы келіншек оқиға орнында қайтыс болды, ал оның 29 жастағы жолдасы Ақтөбе қаласының Жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізіліп, келесі күні ол да көз жұмды.

Көлік жүргізушісі көлік басқару куәлігін 2020 жылдың соңында алғаны анықталды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында жаяу жүргіншілер өткелінде 12 ЖКО орын алды, онда екі жаяу жүргінші қаза тауып, 13 адам дене жарақатын алды.