Ақтөбеде жолда келе жатқан КамАЗ өртенді

0
666

​Өрт шыққан КамАЗ жүргізушісі өмірін қатерге тігіп, өрт сөндірушілер келгенше өртенген көлікті тоқтатпай жүрген.


Ақтөбеде жолда келе жатқан КамАЗ өртенді

ERNUR.KZ. Ақтөбеде жолда келе жатқан Камаз өртенді, деп жазады sputnik.kz.

Өрт шыққан КамАЗ жүргізушісі өмірін қатерге тігіп, өрт сөндірушілер келгенше өртенген көлікті тоқтатпай жүрген.

Оқиға сенбі күні, 2 шілдеде болған.
“КамАЗ" шанағында қосалқы бөлшектер жанған. Жүргізуші көлік толығымен өртке оранбас үшін оны тоқтатпауға шешім қабылдады. Кирпичноеға дейін жетті. Бізге жүк көлігінің Ақжар көпірі арқылы өтіп бара жатқанында хабарлама келіп түсті. Бұл сағат 16:19-да болды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы ТЖД қызметі.
Шақыру орнына жедел түрде 7 қызметкер мен өрт сөндіру көлігі жіберілді. Өрт сөндірушілерді көрген жүргізуші тежегішті басып, тоқтады. Сағат 16:38-де өрт сөндірілді. Жүргізуші тірі, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.