​Ақтөбедегі секс-құлдық: Төрт баланың анасы балконнан секіріп кеткен

0
3 288

Осыдан кейін жеңгетай Айшаны шешіндіріп, соққыға жыға бастаған. Ұятты жерінен тепкен. Сосын көрші пәтерге апарып, сонда қамап қоюды тапсырған. Бұдан кейін Айша қан-жоса болып, секіріп кетпек болған...


​Ақтөбедегі секс-құлдық: Төрт баланың анасы балконнан секіріп кеткен

ERNUR.KZ. Ақтөбеде Айша деген атпен танымал секс-индустрия қызметшісі - төрт баланың анасы үшінші қабаттың балконынан секіріп кеткен. Бұл туралы "Ақтөбе Таймс" газетіне қоғамдық полиция көмекшісі Сәнімжан Шұғайыпова хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 5 қыркүйекте сағат түнгі 23.00-де 8 Наурыз көшесіндегі №12 үйде болған. Бастапқыда суицид жасауды ойлаған әйел соңғы сәтте райынан қайтып, балкондағы кір жаятын жіпке ілініп қалған. Таяу маңда полицейлер болған. Үш ер адам пәтерге кіріп келіп, Айшаны құтқарған.

Сәнімжан Шұғайыпованың айтуынша, ол Айшаны да, осы салада қызмет ұсынатын басқа да секс-жұмысшыларды да таниды екен. Бүкіл аумақты өз қарамағына алған 46 жастағы Мамка Галя лақапатымен белгілі жеңгетайды да таниды екен.

"Менің білуімнше, сауналарда оның сегіз жезөкшесі жұмыс істейді. Ол сауналардың иесі емес. Ол жезөкшелерді көлікке отырғызып алып, клиенттерге апарады. Жезөкшелері үш саунада жұмыс істейтінін білемін. Галяның вокзал алдындағы алаңда 10-15 жезөкшесі барын білемін. Олардың кейбірінің аты-жөні де белгілі - Жанна Норка, Жанна Цыган, Ляззат, Сауле, Наташа, Айжан, Аида, Мира, Гоша, Индира. Жанна деген тағы біреуі тұрмысқа шығып кеті. Ал Зүлфия басқа саунаға жұмыс істеуге кетіп қалған", - дейді осымен 10 жыл жезөкшелікпен күресіп жүрген полиция көмекшісі.

Сондай-ақ, ол Айшаның жеңгетаймен жанжалдан кейін суицид жасағысы келгенін айтып берді.

"Галя Айшаның шақырып алып, күні бойғы табысын сұраған. Айша оған 13 мың бергенін айтқан. Бірақ бұл жеңгетайға аз көрініп, күніне 50 мың шығатынын айтқан. Осыдан кейін жеңгетай Айшаны шешіндіріп, соққыға жыға бастаған. Ұятты жерінен тепкен. Сосын көрші пәтерге апарып, сонда қамап қоюды тапсырған. Бұдан кейін Айша қан-жоса болып, секіріп кетпек болған... Мамка Галя қылмысын жасыру үшін бірде Оралда, бірде Атырауда жүр дейді", - дейді Шұғайыпова.

Басылымның мәліметінше, істі өңірлік полиция қолға алған.