Ақтөбедегі заң институтының басшысы министрден қатаң сөгіс алды

0
511

Оқу-әдістемелік үдерісті ұйымдастыру және жұмысты үйлестіру де тиісті деңгейде болмаған.


Ақтөбедегі заң институтының басшысы министрден қатаң сөгіс алды

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы Алтай Байсұлтановқа қатаң сөгіс жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

Тексеру барысында заң институтының басшылығы сапалы әрі тиімді оқу және оқу-әдістемелік жұмысты қамтамасыз етпегені, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың сақталуына тиісті бақылауды жүзеге асырмағаны анықталды.

Оқу-әдістемелік үдерісті ұйымдастыру және жұмысты үйлестіру де тиісті деңгейде болмаған.

Бұзушылықтардың себебі институт басшылығының функционалдық міндеттері мен лауазымдық нұсқаулықтарын орындалмау.