Ақтөбедегі зауытта күйік шалған тағы бір жұмысшы көз жұмды

0
233

Ауруханада бір апта ем қабылдаған 32 жастағы жүргізуші бүгін қайтыс болды.


Ақтөбедегі зауытта күйік шалған тағы бір жұмысшы көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақтөбе хром қосындылары зауытындағы оқыс оқиғадан соң ауруханаға түскен 32 жастағы жұмысшы қайтыс болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Зауытта күйік шалған екі жұмысшы ауыр хәлде облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген болатын. Сол жерде бір апта ем қабылдаған 32 жастағы жүргізуші бүгін көз жұмды. Аурухананың бас дәрігері Сәкен Қапановтың айтуынша, оның денесінің 60 пайызын күйік шалған.

Айта кетейік, 28 мамыр күні зауыттағы сыйымдылығы 50 текше метр болатын бөшкені тазартқан төрт жұмысшы оқиға орнында мерт болды. Ал екеуі ауруханаға түсіп, ем қабылдаған еді. Қылмыстық кодекстің «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабы бойынша тергеу басталды. Учаске шебері, бөлім бастығы және №4 цех бастығы ұсталды. Олар тергеу аяқталғанға дейін қамауда отырады.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет