​Ақтөбеге ат басын бұрған Назарбаев Сапарбаев пен оның командасына риза болды

0
1 318

Мемлекет басшысы ақтөбеліктерге риза болып кетті.


​Ақтөбеге ат басын бұрған Назарбаев Сапарбаев пен оның командасына риза болды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы ақтөбеліктерге риза болып кетті. Президент Бердібек Сапарбаев пен оның қарамағындағылардың қызметіне жоғары баға берді, деп жазады NUR.KZ.

Өңірдегі қарқынды құрылыс жұмыстарына көңілі толған елбасы өңір халқына тілек айтты.

"Барлық ақтөбеліктерге айтатыным, мен жыл сайын келіп тұрамын. Облыста көп жұмыстар жасалып жатыр. Барлығы түзелу үшін жақсы жұмыс істеу керек. Жұмыс істеген адам Қазақстанда жаман тұрмайды. Сондықтан мен Бердібек Сапарбаевтың істеген жұмысына, онымен бірге істейтін әкімшіліктерге оң баға беремін. Жұмысын осылай жалғай берсін. Баршаларыңызға бақ-береке, жақсылық тілеймін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетейік, Ақтөбеге ресми сапармен барған президент ақсақалдармен жүздесу барысында дұрыс қартая білу қажеттігін айтқан еді.