​Ақтөбелік 813 мұғалім үстемақысын алмаған

0
898

Прокурорлық ықпал ету шараларымен заң бұзушылықтар жойылды. 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды.


​Ақтөбелік 813 мұғалім үстемақысын алмаған

ERNUR.KZ.Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берген мұғалімдер үстемақысын уақытылы ала алмайды. Ақтөбе облыстық прокуратурасы тексеру жүргізіп, 813 мұғалімнің қосымша ақшадан қағылғанын анықтады, деп жазады 24.kz.

Жалпы қарыз 6 млн теңге. Бұдан бөлек, облыстық еңбек инспекциясы 174 мекемеге жоспардан тыс тексеру жүргізіп, 238 заңбұзушылықты анықтаған. Жыл басынан бері инспекцияға 43 адам шағым жазса, оның 90 проценті жалақысын ала алмай жүргенін айтыпты. Нәтижесінде, 33 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 млн теңге айыппұл төлеген. Осылайша 25 млн теңге жалақы қарызы жойылған.

Альбина Асқарова, облыстық прокуратураның ресми өкілі:

- Қолданыстағы заңнамада жұмыстың аталған жағдайдағы түрлері үшін оқытушыларға айлық еңбекақысының 40 пайыз мөлшерінде үстемақы төлеу қарастырылған. Прокурорлық ықпал ету шараларымен заң бұзушылықтар жойылды. 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды.

Нұрлан Ерекеев, облыстық еңбек инспекциясының бөлім басшысы:

- Облыста 154,7 млн теңгені құрайтын мерзімі өткен жалақы қарызы бар. Оның ішінде 72,9 млн теңгесі 175 адамның алдында банкрот рәсімінен өтіп жатқан мекемелерге тиесілі. Бұл барлық мекемелер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары, прокуратура органдары, жеке сот орындаушылармен бірігіп тұрақты негізде жұмыстар жүргізіліп отырады.