​Ақтөбелік ата-әжелердің ойын автоматтарында ойнауы көбейген

0
1 086

Тексеруге шыққан тәртіп сақшылары заңсыз бизнесті анықтағанда ондағы қарияларды көріп таң қалған.


​Ақтөбелік ата-әжелердің ойын автоматтарында ойнауы көбейген

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласында ойын автоматтарына құмар қарттар қатары артқан, деп жазады КТК арнасы.Жергілікті кәсіпкердің дәмханасына орнатылған заңсыз ойын автоматын айналшықтаған зейнеткерлерді көрген полицейлер таңданысын жасыра алмаған.

Ең қызығы бұл жерде бәс тігуге зейнеткерлер құмар болып шығады. Тексеруге шыққан тәртіп сақшылары заңсыз бизнесті анықтағанда ондағы қарияларды көріп таң қалған. Бірақ ойын автоматтарына үйір кемпір-шалдарға ешқандай шара қолдана алмайды. Ал заңсыз құмар ойын бизнесін дөңгелеткен кәсіпкер енді қомақты айыппұл арқаламақшы. Қазір оның ісімен мемлекеттік кіріс департаменті айналысуда.