Ақтөбелік бөтен адамнан sms алған әйелінің қабырғасын сындырған

0
2 075

Сонымен қатар әйелдің миы шайқалып, өкпесіне зақым келген


Ақтөбелік бөтен адамнан sms алған әйелінің қабырғасын сындырған

ERNUR.KZ. Ақтөбе тұрғыны бөтен адамнан sms алған әйелін ұрып тастаған. Әйелдің қабырғасы сынып, миы шайқалған, сонымен қатар өкпесі зақымданған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Басылымның хабарлауынша, әйел күйеуін кешірген және оны жазаламауды сұраған.

Тамақтану барысында ер адам бірнеше күн бұрын әйелінің телефонынан sms-хабарлама көргенін есіне түсіріп, жанжал шығарған. Әйел хабарлама жіберген адаммен екі рет кездескенін айтқанда, күйеуі оны ұра бастаған. Одан қорғанбақ болған әйел қолына балта алған. Дегенмен, ер адам темірі ұшып кеткен балтаның сабымен әйелді ұра бастаған. Әйел көршілеріне қашып кеткен.

Ақтөбе соты тұрғынның бостандығын 3,5 жылға шектеді, себебі әйел оған кешірім берді.