Ақтөбеліктер ветеринарлық препараттарды коронавирусты емдеуге қолданып жатыр

0
1 101

Дәрігерлердің айтуынша, коронавирустан өз бетімен емделгендердің 90%-ы ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылуда.


Ақтөбеліктер ветеринарлық препараттарды коронавирусты емдеуге қолданып жатыр

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының кейбір тұрғындары малдарға арналған ветеринарлық препараттың адамдарға пайдалы екенін естігеннен кейін, дәрілерді коронавирусты емдеу үшін сатып ала бастады, деп жазады Stan.kz.

Облыс тұрғындары бұл деректерді әлеуметтік желі арқылы таратыпты. Ветеринарлардың айтуынша, жануарларға арналған дәрі -дәрмектердің құрамында адам өміріне қауіпті компоненттер бар.

"Ивермек - жануарларға қарсы паразиттік препарат. Құрамында ивермектин бар. Ивермектің өзі үшінші қауіптілік класына жатады. Ол адам ағзасына пайдалы болуы мүмкін емес. Өйткені ол организмге уытты әсер етеді. Дәріні көп мөлшерде қолданса, адам ағзасына кері әсер етеді", - деді ветеринарлық клиниканың бас дәрігері Марина Кушнер.

Дәрігерлердің айтуынша, коронавирустан өз бетімен емделгендердің 90%-ы ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылуда.

"Бірақ жануарларға арналған заттардың барлығы адамдарға жарамайды. Бізде коронавирустық инфекция мен пневмонияны емдеудің дәлелденген режимі бар. Емдеу хаттамалары бар. Біз күн сайын осы хаттамалар бойынша көмек көрсетеміз" - деді фтизиопульмонологиялық орталықтың бас дәрігері Ерлан Тәтімов.