Актриса Назгүл Қарабалина "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алды

0
3 159

Актрисаның өзі де Instagram-дағы парақшасында жағымды жаңалықты бөлісіп, баршаға алғысын білдірді.


Актриса Назгүл Қарабалина

ERNUR.KZ. Назгүл Қарабалинаға Республика күні қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаевтың 14 қазандағы Жарлығымен еліміздің мәдени дамуына елеулі үлес қосқаны үшін "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді, деп жазады zakon.kz.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ұжымы әріптесі актриса, «Платиналы Тарлан» сыйлығының, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Назгүл Қарабалинаны «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен құттықтады.

Актрисаның өзі де Instagram-дағы парақшасында жағымды жаңалықты бөлісіп, баршаға алғысын білдірді.

Осы күн үшін, осы сәт үшін Аллаға шүкір! Әке-шешелеріме, бауырларыма, Азаматым мен Сұлтаныма, достарыма, театрыма мың алғыс! Жасасын қазақ елі! Жасасын қазақ өнері! Президентімізге көп рақмет, - деп жазды актриса.