Ақын, журналист Серік Қалиев өмірден өтті

0
623

Серік Қалиев 1961 жылы 16 тамызда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген.


Ақын, журналист Серік Қалиев өмірден өтті

ERNUR.KZ. Белгілі ақын, журналист Серік Қалиев қайтыс болды. Бұл туралы Бекен Қайратұлы мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

"Серік бауырым Алласына аттанған екен. Иманды жырларың мен игі амалдарың қабір жолдасың болғай, отбасына һәм туыс-туған, дос-жарандарына Жаратушы Ием сабыр берсін. Бір Алла қамқорына алғай досым. Алла Тағала о дүниеде сауабыңды, дәрежеңді арттырсын және күнәларыңды кешірсін. Алладан келдік, Аллаға қайтамыз", - деп жазды ол.

Серік Қалиев 1961 жылы 16 тамызда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген. Айтыскер ақын.