Ақжарқын Тұрлыбай ісі: Нигерия азаматын экстрадициялау туралы айтылды

0
686

2015 жылдың маусымында Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбай өмір бойына бас бостандығынан айырды.


Ақжарқын Тұрлыбай ісі: Нигерия азаматын экстрадициялау туралы айтылды

ERNUR.KZ. Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі туралы хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Ұсталған Нигерия азаматы әлі Қазақстанға экстрадицияланбағаны белгілі болды. Оның Нигерияда қамауға алынғанына бір жарым жылдай уақыт өтті.

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Н.Ф. Адиндуды ұстағаны туралы ақпарат алуына байланысты Нигерияның құзыретті органдарына дипломатиялық арналар арқылы оны беру туралы сұрау жіберілді. Қазіргі уақытта Нигерия тарапы өтінішті қарап жатыр", - деп Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына Бас прокуратураның халықаралық құқықтық ынтымақтастық қызметі берген жауабында.

Бас прокуратура мәліметінше, Нигерия азаматы Адинду Нонсо Фортунаға қатысты қылмыстық істі Алматы Полиция департаменті ҚР ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлімі, 1, 3-тармақтар бойынша "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша тергеп-тексеріліп жатыр.

Айта кетейік, 2014 жылы наурызда Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай Қытайдағы Гуанчжоу әуежайында ұсталған еді. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды.

2015 жылдың маусымында Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбай өмір бойына бас бостандығынан айырды.

2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді. 2019 жылдың 27 желтоқсанында Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Айта кетейік, Адинду Нонсо Фортунаның қамауға алынғаны 2022 жылдың 20 маусымында белгілі болды. Ол ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ұсталды.