​Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Scopus Award-2018 сыйлығына ие болды

0
2 024

Бұл - ғалымдар мен университеттерді белсенді ғылыми қызметке ынталандыруға бағытталған «Elsevier» халықаралық компаниясының беделді әлемдік ғылыми сыйлығы.


​Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Scopus Award-2018 сыйлығына ие болды

ERNUR.KZ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Scopus халықаралық дерекқорында жоғары рейтингілік журналдарда жарияланған мақалалар саны бойынша Қазақстанда көшбасшы болып танылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстанда тұңғыш рет болып өткен Scopus Award-2018 сыйлығын марапаттау рәсімінде еліміздің ең үздік авторлары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды. Бұл - ғалымдар мен университеттерді белсенді ғылыми қызметке ынталандыруға бағытталған «Elsevier» халықаралық компаниясының беделді әлемдік ғылыми сыйлығы.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ High Performance Award номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Әлемдегі ең ірі ғылыми деректер базасы тарапынан танылу кездейсоқ емес екендігін айта кету керек, қазақстандық авторлардың әрқайсысының жоғары дәрежелі ғылыми журналдардағы бесінші басылымы ҚазҰУ ғалымдарының үлесі болып табылады. Бұдан басқа, университет ғалымдары тоғыз номинацияның алтауы бойынша марапатталды.

Осылайша, биыл ҚазҰУ жетекші халықаралық дерекқорлар - Scopus және Web of Science ғылыми журналдарындағы жарияланымдар саны бойынша Қазақстанның көшбасшысы болып танылды. Бұл жетістіктер университеттің әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналуы мен ғылымды интернационалдандыру саясатының нәтижесі болып табылады.