Алакөлдегі өрттің себебі белгілі болды

0
710

​Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов брифинг өткізіп, Алакөлде болған өрттің себебін айтты.


Алакөлдегі өрттің себебі белгілі болды

ERNUR.KZ. Оның мәліметінше, өртке қатты соққан жел мен тығыз салынған құрылыс себеп болған, деп жазады exk.kz.

"Туристердің айтуынша, желдің жылдамдығы секундына 10-15 метрге дейін жетті. "Керуен", "Әйгерім", "Әлихан" және "Жібек жолы" демалыс аймақтарындағы 17 тұрғын үй өртенді. Өрт аумағы 3 мың шаршы метр болды", деді Дмитрий Титов.

Оның айтуынша, қазір шығынды өтеу мәселелерімен айналысатын комиссия құрылды.

"Өрт кезінде 7 адам аздап зардап шекті. Өртенген қонақ үйлердің туристері көрші демалыс орындарына жатқызылды. Өртке қарсы қызметтер қолданыстағы мораторийге байланысты өртенген демалыс аймақтарының қауіпсіздігін тексермеген", деді министрлік өкілі.