Аланияда жол апатына ұшыраған 6 отандасымыз бүгін елге оралады

0
461

Аланиядағы жол апатынан ауыр жарақат алған қазақстандық турист қайтыс болды.


Аланияда жол апатына ұшыраған 6 отандасымыз бүгін елге оралады

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігі Түркияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы туралы соңғы мәліметті бөлісті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда Аланиядағы жол апатынан кейін емделіп жатқан 11 қазақстандықтың ішінен 6 азаматымыз емханадан шығарылды. Олар бүгін түнде Қазақстанға оралады. Қалған 5 азамат дәрігерлердің бақылауында қалып, қажетті ем алуын жалғастырып жатыр. Олардың жағдайы бірқалыпты», - делінген ведомствоның ресми мәліметінде.

Ақпаратта айтылғандай, барлық ем шығындары сақтандыру полистері арқылы төленеді.

«Қазақстандық дипломаттар қайтыс болған отандасымыздың жақын туыстарына қажетті көмек көрсетіп жатыр. Тиісті құжаттарды рәсімдегеннен кейін отандасымыздың денесі жақын арада Қазақстанға жеткізіледі деп күтіліп отыр», - дейді министрліктен.

Айта кетейік, кеше Аланиядағы жол апатынан ауыр жарақат алған қазақстандық турист қайтыс болды.