«AlanParking» ЖШС бас директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынды

0
947

Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды.


«AlanParking» ЖШС бас директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынды

ERNUR.KZ. Алматыда «AlanParking» ЖШС бас директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлім етті, деп жазады Zakon.kz.

Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды.

Екі ай мерзімге қамауға алуды санкциялау туралы шешім қабылданды.Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі

Бұл ретте сот Мұхтар Базарбаевтың қандай күдікке ілінгенін нақтыламады.

«AlanParking» ЖШС – «СПК Алматы» АҚ жер телімдерінде жұмыс істейтін платформалық ақылы автотұрақтардың операторы. Бұл ақылы автотұрақ жүйесінің жұмысын қамтамасыз етуге арналған сервистік компания.

21 желтоқсанда «RR2» ЖШС Алматыдағы ақылы автотұрақтардың операторы «AlanParking» ЖШС-нің (бұрын мемлекетке тиесілі «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ) 30% акциясын сатып алды.