Алаяқтар Homebank.kz сайтының көшірмесін жасаған

0
761

Шілдеде homebank.kz сайтының көшірмесін жасаған жеті фишингтік интернет-ресурс анықталған болатын.


Алаяқтар Homebank.kz сайтының көшірмесін жасаған

ERNUR.KZ. KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі homebank.kz сайтына ұқсас жаңа фишингтік интернет-ресурстарын анықтады, деп жазады tengrinews.kz.

"KZ-CERT қызметіне homebank.kz сайтын қайталайтын күдікті интернет-ресурстарына арыздар түсіп әлі де түсіп жатыр. Нәтижесінде бес фишингтік интернет-ресурс анықталды. Олар: homekzbank.com; kzhomebank.com; homkzbank.com; html.rocketfirm.com/halyk-card-to-card; homebankr.com/login/", - делінген хабарламада.

Талдау алаяқтардың әрекеттерінің алгоритмі сақталғанын көрсетті. Телефон нөмірін, сәйкестендіргішті енгізіп, my Halyk жүйесіне кіріп, құпиясөзбен растағаннан кейін, пайдаланушы SMS-код арқылы растау қажет болатын формаға қайта жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, шілдеде homebank.kz сайтының көшірмесін жасаған жеті фишингтік интернет-ресурс анықталған болатын.