Алаяқтық бойынша күдікке ілінген Бағдат Манзоров еңбек демалысына шықты

0
808

Бағдат Манзоровтың ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған еді.


Алаяқтық бойынша күдікке ілінген Бағдат Манзоров еңбек демалысына шықты

ERNUR.KZ. Аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша күдікке ілінген Алматыоблысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров екі аптаға ақысыз еңбек демалысына шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі нақтылағандай, Манзоров 2019 жылғы 14 қазаннан 1 қарашаға дейінгі мерзімге ақысыз еңбек демалысын алды.

Айта кетейік, 30 қыркүйектен бастап шенеунік денсаулығына байланысты демалысқа шыққан болатын.

Басында Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған еді. Кейіннен бұл ақпарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады.

Еске сала кетейік, облыс әкімінің орынбасары аса ірі көлемде алаяқтық жасаған деген күдікке ілінді.