Алаяқтық үшін сотталған қазақстандық Украинадан экстрадицияланды

0
389

Украинаның Әділет заразминистрлігі Қазақстан сотының үкімін орындаудан жалтарған азамат "М" Қазақстан Республикасына беру туралы шешім қабылдады.


Алаяқтық үшін сотталған қазақстандық Украинадан экстрадицияланды

ERNUR.KZ. Алаяқтық үшін сотталған азамат Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды, деп жазады tengrinews.kz.

Украинаның Әділет заразминистрлігі Қазақстан сотының үкімін орындаудан жалтарған азамат "М" Қазақстан Республикасына беру туралы шешім қабылдады.

"Сот аталған азаматты 2017 жылы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, шартты мерзімге соттады. 2019 жылы "М" азаматы соттың өзіне жүктеген шектеулерін бұзып, жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынып, іздеуге жарияланды. Тамызда іздеуде жүрген адамды Украина аумағында осы елдің құқық қорғау органдары ұстады. Бүгін Қазақстан Республикасының Украинадағы, Молдовадағы және Түркиядағы Елшіліктерінің қолдауымен Қазақстан Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері оны біздің елге экстрадициялады", - деді Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған.