Алдағы күндері Қазақстанда қар жауып, боран соғады

0
1 044

17-19 қазанға ауа райы болжамы шықты. Синоптиктер осы күндері қар жауып, қатты жел соғып, солтүстікте боран болатынын хабарлады.


Алдағы күндері Қазақстанда қар жауып, боран соғады

ERNUR.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, деп жазады sputniknews.kz.

"Атмосфералық процестердің тез ауысуы ауа райының қолайсыздығын тудырады. Алдағы үш тәулікте Қазақстан территориясы бойынша үлкен жылдамдықпен суық атмосфералық фронттар жылжиды, алайда оның артынан антициклон келеді, бірақ оны 19 қазанда кезекті циклон және арктикалық фронттар ығыстырады", - деп хабарлады синоптиктер.

Осыған байланысты көптеген облыста күн бұлтты болып, жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік облыстарда көктайғақ, солтүстік-батыстан қатты жел тұрып, боран соғуы мүмкін, деп ескертеді мамандар.