​Алдағы уақытта 2 млн жас маманды жұмыспен қамту қажет – Сағынтаев

0
1 057

Бұл әлеуметтік жауапкершілігі мол мемлекет құру үшін қажет.


​Алдағы уақытта 2 млн жас маманды жұмыспен қамту қажет – Сағынтаев

ERNUR.KZ. Алдағы 7 жылда еңбек нарығына шығатын 2 млн жуық жас маманды сапалы жұмыспен қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Астанада өтіп жатқан «Еңбек нарығының болашағы: жаңа мүмкіндіктер» форумында айтты, деп жазады Baq.kz..

Бұл әлеуметтік жауапкершілігі мол мемлекет құру үшін қажет.

"Қазақстан осы болып жатқан өзгерістерді басқару үшін көп жұмыс істеп жатыр және алдын алу ниетін білдіріп отыр. "100 нақты қадам" ұлт жоспары, ЭЫДҰ стандарттары да жоспарлы түрде іске асырылады. 2017 жылдың басында Қазақстанның үшінші жаңғыруы стратегияық міндеттері қойылды. Үкімет 2025 жылға дейінгі арнайы стратегиялық даму жоспарын әзірледі. Бұл Қазақстан экономикасын дүниежүзілік экономикада жоғары қарқынмен даму міндеттерін қойып отыр. Шикізаттық емес экспортты 41 млрд долларға дейін ұлғайту міндеті тұр", - деп айтты үкімет басшысы.

Премьер-министр алдағы 7 жылда 2 млн жуық колледжбен университет түлектері еңбек нарығына қосылатынын,сол себепті олады сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз ету қажет екенін айтты.

"Сондықтан 2025 жылға дейін 1 млн жұмыс орнын құру міндетін қойып отырмыз. Қазірдің өзінде базалық салаларда ғана емес, автоматтандыру, цифрландыру саласында да жаңа жұмыс орындары ашылып отыр. "4.0 индустрияландыру" бағытында үкімет кадрларға деген қажеттілікті анықтау үшін еңбек ресурстарын ұлттық болжау бағдарламасын әзірледі. Бұл кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру мақсатында жасалып отыр", - деді ол.

Үкімет басшысы 2020 жылға дейін 550 кәсіптік стандарттарды бекіту көзделіп отырғанын айтты.

"Жұмыспен қамту үшін осы технологиялық жаңғыру нәтижесінде босап жатқан кадрларды басқа жұмыс орындараны ауыстыру жұмыстарын жүргізудеміз. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды еңбек биржа құрылды. Бұл – елдегі алғашқы цифрлық алаң. Онда 48 жеке жұмыспен қамту агенттіктері, БАҚ, онлайн алаңдар қамтылды. Жұмыс орындарын қамтамасыз ету үшін үкімет кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын әзірлеуде. 2019 жылы 190 млрд теңге бөлінді. Бұл жұмыспен қамту үшін 1 млн адамға көмектесуге мүмкіндік берді", - деді ол.