​Алдағы жылдан бастап жеке тұлғалардан барлық сәлемдеме мен хаттары ашық күйінде қабылданады

0
1 795

Бұл туралы «Қазпошта»АҚ баспасөз қызметінен хабарлады


​Алдағы жылдан бастап жеке тұлғалардан барлық сәлемдеме мен хаттары ашық күйінде қабылданады

ERNUR.KZ. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалар жіберетін барлық тіркелетін пошта жөнелтілімі «Пошта туралы» Қазақстан Республикасы pаңының 39-бабы 2-тармағына сәйкес ашық күйінде қабылданады. Бұл туралы «Қазпошта»АҚ баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады Baq.kz.

Заңды тұлғалардың хат-хабарлары бұрынғыша ашық және жабық күйінде қабылданады.

Барлық тапсырыс хат, бандероль және құндылығы жарияланған хат, сондай-ақ сәлемдемені пошта байланысы бөлімшесіне ашық күйінде әкеледі. Бұл ретте, пошта операторы пошта жөнелтілімдерін қабылдағанда, жөнелтушіні сәйкестендіруі және оның деректерін тіркеуі керек.

Сонымен қатар, жөнелтуге тыйым салынған заттардың мазмұны үшін сәлемдемелерді тексерудің мүмкін болмауына байланысты поштамат арқылы пошта жөнелтілімдерін қабылдау тоқтатылады. Поштамат арқылы берілген пошта жөнелтілімдерін қабылдау пошта байланысы бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.

Қабылданған шаралар пошта операторы мен оның қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.