Алдағы жылдары елімізде 16 ірі аурухана салынады

0
1 210

19 мың жұмыс орнын қамтамасыз етілмек.


Алдағы жылдары елімізде 16 ірі аурухана салынады

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағытында салынатын нысандар туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жалпы, 2026 жылға дейін денсаулық сақтау саласында 1,5 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Оның 60 пайызы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында. 19 мың жұмыс орнын қамтамасыз ете отырып, 838,5 млрд теңге сомасында 16 ірі аурухана салуды жоспарлап отырмыз», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде инвестициялардың жалпы көлемі 439 млрд теңгеге тең 7 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылуда.

«Бұл тұрғыда Петропавл, Түркістан, Нұр-Сұлтан қалаларындағы үлкен ауруханаларды қамтып отыр. Сонымен қатар, Алматы мен Қарағандыда университеттік клиникалар құрылысы бойынша тиісті шаралар атқарылуда. Әлеуетті инвесторлармен жеке қаржылық бастамалардың дайындық жұмыстары іске асырылуда», - деді Біртанов.

Оның атап өтуінше, бұдан бөлек министрлік құны 400 млрд теңгеге жуық инвестициялардың қосымша 9 жобасын пысықтауға кірісті.