Алексей Цой Елжан Біртановтың сотында куәгер ретінде жауап беріп жатыр

0
371

Алексей Цой 2021 жылдың желтоқсанында Денсаулық сақтау министрлігінен кеткен болатын.


Алексей Цой Елжан Біртановтың сотында куәгер ретінде жауап беріп жатыр

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігін басқарған басшылар бүгін сотта кездесті, деп жазады Inbusiness.kz.

Сот отырысында прокурор экс-министр Цойға бірнеше сұрақ қойды. Негізгі сұрақтар Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне ақпараттық платформа жасаған Ericsson Nikola Tesla компаниясына қатысты болды. Сұрақты прокурордан кейін Алексей Цойға Елжан Біртановтың өзі қойып жатыр. Куәгерден жауап алыну процесі 2 сағатқа жуықтап қалды. Әлі аяқталған жоқ.




"Ericsson компаниясы жобаны жасаған кезде бүкіл соманы төлеуді талап етті. Кепілдендірілген міндеттеме арқылы өзіне жүктелген жұмысты кейін аяқтағысы келетіндерін білдірді. Біз одан бірден бас тарттық. Компания елшіні іске тартып, арбитражбен қорқытты. Біз компания президентін Қазақстанға шақырып, барлығын аяқтау керектігін хабарлап, жобаны мерзімінде аяқтау үшін олардан Қазақстан Республикасындағы бүкіл бас кеңсесін жұмылдыруды сұрадық Біздің келісім-шартта мерзімдерді ұзарту көзделмегенін ескерттік", - деп түсіндірді ол.

Алексей Цойдан жауап алу уақыты әлі де біраз уақытқа созылатын секілді. Себебі Елжан Біртановтан бөлек, оның адвокаттары, содан кейін бұрынғы вице-министр болған тағы бір сотталушы Олжас Әбішев те (оның адвокаттары да) сұрақ қояды.

Айта кетсек, Алексей Цой 2021 жылдың желтоқсанында Денсаулық сақтау министрлігінен кеткен болатын.
Айта кетейік, Елжан Біртанов 2020 жылғы 7 қарашадан бастап үйқамақта отыр. Алдымен ол "бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды" деген күдікке ілінді. Кейін бап "қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану" деп өзгертілді.

Сот отырыстарында экс-министр жемқорлыққа қатысы жоқ екенін бірнеше рет мәлімдеген. Ол лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланған деген айыппен де келіспейді.