Алексей Цой: Министрліктен кету туралы шешімді 8 ай бұрын қабылдадым

0
465

Алексей Цой 20 желтоқсанда министр қызметінен босатылды.


Алексей Цой: Министрліктен кету туралы шешімді 8 ай бұрын қабылдадым

ERNUR.KZ. Алексей Цой қызметінен кету туралы шешіміне қатысты сөз қозғады, деп жазады 24.kz.

Бұрынғы министр мемлекеттік қызметтен кетуді осыдан 8 ай бұрын шешкен. Айтуынша, өзі басқарған кезде ведомство бәріне мейлінше ашық болған.

"Біздің министрлік сияқты өзге ведомстволар журналистермен осыншалықты жиі кездеспеген болар. Тек орталық коммуникациялар орталығының өзінде 27 рет брифинге шықтым. Оның бәрі уақыт алатынын түсіну керек. Бір брифингтің өзіне кейде 3-4 сағат кетеді. Оған қоса дайынлық уақыты бар. Пандемия кезінде шешілуі тиіс көптеген мәселе тағы бар. Жаңа вакциналарды жеткізуге қатысты бұйрықты күтеміз. Мұның бәрін ешкім есептемейді", - дейді Алексей Цой, бұрынғы денсаулық сақтау министрі.