Әлем бойынша алкогольді ең көп тұтынатын қай ел

0
473

ЕО елдері арасында алькогольді әйелдерге қарағанда еркектер көбірек тұтынады.


Әлем бойынша алкогольді ең көп тұтынатын қай ел

ERNUR.KZ. Ең көп ішімдік ішетін әлемнің 10 елінің тоғызы ЕО-да. Бұл континенттің тұрғындары әлемнің басқа бөліктеріне қарағанда алкогольді көбірек тұтынады. Еуропада жыл сайын 15 жастан асқан әрбір адам орташа есеппен 9,5 литр таза алкогольді тұтынады, бұл шамамен 190 литр сыра, 80 литр шарап немесе 24 литр спиртке тең, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) 2021 жылғы Еуропа халқының денсаулық жағдайы туралы баяндамасының деректері.

Жан басына шаққандағы алкогольді жалпы тұтыну 2000-2019 жылдар аралығында ДДҰ-ның Еуропалық аймағында 2,5 литрге (21%) төмендеді.

Бірақ Батыс Еуропаның адамдары әлі де ішімдікке әуес. Әлемдегі ең көп ішетін 10 елдің тоғызы (туристік тұтынуды ескере отырып) Еуропалық Одақта орналасқан.

2019 жылы ЕО ересек тұрғындарының 8,4%-ы (15 жастан асқан) күн сайын, 28,8%-ы апта сайын, 22,8%-ы ай сайын ішімдік ішкен, ал 26,2%-ы соңғы 12 айда алкогольдік ішімдіктер ішпегенін айтқан.

ЕО елдері арасында алькогольді әйелдерге қарағанда еркектер көбірек тұтынады.

2019 жылы жан басына шаққандағы алкогольді ең көп тұтынатын Еуропаның үздік 10 еліне Чехия (14,3 литр), Латвия (13,2), Молдова (12,9), Германия (12,8), Литва (12,8), Ирландия (12,7), Испания (12,7), Болгария (12,5), Люксембург кірді (12,4) және Румыния (12,3) кірді.

ДДҰ Еуропалық аймағында алкогольді ең аз тұтынатын он елдің қатарына Тәжікстан (0,9 литр), Әзірбайжан (1,0), Түркия (1,8), Өзбекстан (2,6), Түрікменстан (3,1), Израиль (4,4), Армения (4,7), Қазақстан (5,0), Албания (6,8) және Солтүстік Македония кіреді (6,4).

Айта кету керек, бұл тізімдегі елдердің көпшілігінде, Солтүстік Македония, Армения және Израильді қоспағанда, көпшілігі мұсылмандар.