Әлем чемпионатында қазақстандық екі балуан "қола" үшін белдесуде жеңіліп қалды

0
2 109

Бірақ қазақстандық балуан 77 келі салмақта 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға лицензия алды


Әлем чемпионатында қазақстандық екі балуан

Сурет: olympic.kz

Грек-рим күресінен 2023 жылғы әлем чемпионатында Демеу Жадыраев қола үшін белдесуде жеңілді, бірақ қазақстандық балуан 77 келі салмақта 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға лицензия алды, деп жазады Zakon.kz.

Үшінші орын үшін болған белдесуде Жадыраев 2021 жылы 72 келі салмақта әлем чемпионы атанған, былтыр 77 келі салмақта "қола" алған армениялық Малхас Амояннан жеңіліп қалды.

Тағы бір қазақстандық балуан Марлан Мұқашев (55 келі) "қола" үшін белдесуде ирандық Пуйя Дад Марзға есе жіберіп, бесінші орын алды.